Асқар Мамин халықты вакциналау жұмысын жалғастыруды тапсырды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

«Дельта штамның таралуына байланысты өңірлерде эпидемиологиялық жағдай нашарлады. Республика бойынша науқастану айтарлықтай көбейген. Ауруханадағы орындар санының 56 пайызы, ал реанимациялық орындардың 44 пайызы толды», - деді Асқар Мамин.

Үкімет басшысы пандемиядан шығудың жалғыз жолы – вакциналау екенін еске салды.

«Қазіргі уақытта 5,5 млн-ға жуық адам вакцинаның бірінші компонентін ектірді және 4 млн-ға жуық адам екінші компонентін алды. Бұл жұмысты жалғастыру қажет», - деді Премьер-Министр.

Бұған дейін ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет отырысында елдегі эпидемиологиялық жағдайды
баяндаған
еді.

Қазақстан Республикасы 26 маусымнан бері «қызыл» аймақта тұр. Түркістан облысынан басқа өңірлер түгел «қызыл» аймақта.