Асқар Мамин парламент сайлауында дауыс берді


Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Дауыс беру Нұр-Сұлтан қаласындағы «Астана» концерт залының ғимаратында орналасқан №138 сайлау учаскесінде өтті. ҚР Премьер-Министрі сайлау учаскесіне алғашқылардың бірі болып өзінің азаматтық борышын орындауға келді. Сайлау учаскелері сағат 07:00-де ашылды, дауыс беру жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-ге дейін жалғасады.