Асқар Мамин президенттік сайлауда дауыс берді

Бұл туралы Хабар 24 хабарлайды.

Премьер-Министр аталған сайлау учаскесінде тіркелгенін растап, бюллетень алды және кезекте тұрғанда қала тұрғындарымен сөйлесті.

Дауыс беріп болған соң Асқар Мамин халықаралық байқаушылармен кездесіп, пікір алмасты.


ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауында ел ішінде және шет елдерде 9 мың 968 дауыс беру учаскесі жұмыс істеуде.