Асқар Мырзахметов ҚР Премьер-министрiнiң орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы бүгiн Үкiмет отырысында белгiлi болды, деп хабарлайды BNews.kz.
«Асқар Мырзахметов Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалды. Құттықтаймыз, табысты жұмыс тiлеймiз», - дедi отырысты ашқан Кәрiм Мәсiмов.
«Жоспардың бәрi түсiнiктi, өте жауапты. Бүгiнгi таңға дейiн жинаған тәжiрибемді, бiлiмiмдi алдағы міндеттерді орындауға жұмсайтын боламын», - дедi Асқар Мырзахметов.