Асқар Жұмаділдаев білім министрі бола ала ма?

Әлеуметтік желіде белгілі математик Асқар Жұмаділдаевты еліміздің білім және ғылым министрі етіп тағайындауды сұраған жазбалар жүр. Оны бірінші бастаған Жәнібек Қожық есімді Фейсбук қолданушысы, деп хабарлайды Caravan.kz тілшісі.

Қазірге дейін оның жазбасымен 250-ден аса адам бөліскен. Ал лайк саны мыңға жуық.

Бұған қатысты пікір айтушылар арасында Асқар Жұмаділдаевтың министр болуын қолдайтындар да қолдамайтындар да бар. Төменде солардың біразын жариялап отырмыз.

Бірлік Назаров: «Мына бағытпен балаларымызды мəңгүрт етеміз. Асқар Жұмаділдаев білім мен ғылым басына келсе, біраз нәрсе өзгерер еді».

Өмір Шыныбекұлы: «Мынау жүйеде Асқар түк те жасай алмайды. Бекерге даурықпаңдар. Асекеңнің ағарған шашын біржола түсіріп бітірейін демесеңдер. Досқалиев қандай хирург еді? Министр еттіңдер де, соттап тындыңдар...»


Нұржан Үсенов: «Асқар ағаның қолынан келеді деп ойлаймын».

Мұрат Кенжебаев: «Әрине, жаксы болар еді. Әйтпесе, мектеп
Тәжірибе алаңына айналып кетті».

Қайрат Көбекбаев: «Министр қызметіне білімі жеткенімен, басқару ісі бойынша тəжірибесі жоқ қой. Сондықтан ол кісіге министр орынбасары қызметі лайық болар еді».

Abdimalik Baimakhanbetov: «Бүкіл Қазақстан болып қолдасақ та, болғызбайды...»