халықаралық тәжірибені үйрену және өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту мақсатындағы жұмыс сапарымен Біріккен Араб Әмірліктерінде болды, деп хабарлады компанияның қоғаммен байланыс департаментінен.
Қазақстандық компания басшысы Әбу-Даби қаласынан 250 шақырым қашықтықта орналасқан, қауіпсіздіктің барлық стандарттарына сай келетін «Барака» атом электр стансасын барып көрді. Асқар Жұмағалиев стратегиялық маңызды нысанды аралап, АЭС құрылысының барлық кезеңдерімен танысты. Сондай-ақ, араб серіктестері жобаны іске асыру барысында қолданылатын қазіргі заманғы озық технологияларды көрсетті.
Болашақта электр энергиясының тапшылығына ұшырамау үшін, сондай-ақ қуат қоржынын әртараптандыру және көмір қышқыл газдың ауаны ластауын азайту мақсатында БАӘ үкіметі ядролық энергетиканы пайдалануды жоспарлап отыр. «Барака» АЭС-ның құрылысын оңтүстік кореялық КЕРСО компаниясы басшылығындағы консорциум жүргізуде. Атом стансасы APR-1400 реакторы орнатылатын жалпы қуаты 5,6 МВт-қа тең төрт энергия блогынан тұратын болады. Нысанды кезеңімен пайдалануға беру 2017-2020 жылдарға межеленген.
Сапар барысында «Қазатомөнеркәсіп» ҰА» АҚ басқарма төрағасы Асқар Жұмағалиев БАӘ Атом энергиясы жөніндегі корпорациясының (ENEC) басқарма төрағасы, Абу-Даби Атқару кеңесінің мүшесі Халдун Халифа әл-Мубаракпен және осы Корпорацияның бас атқарушы директоры Мұхаммед әл-Хаммадимен кездесті. Тараптар атом энергетикасы саласындағы екі жақты ынтымақтастықтың болашағын талқылады.