Бұл туралы Ақорданың сайтында жарияланды.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Асқар Қуанышұлы Жұмағалиев Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі қызметінен босатылды", - делінген президент жарлығында.
Айта кетейік, Асқар Жұмағалиев 2019 жылдың 18 маусымынан бастап мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болып қызмет атқарған еді.