Асқазанына есірткі салып алған ер адам Қазақстан шекарасынан өтпек болды

Қазақстан – Өзбекстан шекарасында есірткілік заттарды асқазанына салып өткізбек болған өзбекстандық азамат ұсталды деп хабарлайды ҚР ҰҚК Шекара қызметі.



Сарыағаш шекара отрядына қарасты "Жібек жолы — авто" бақылау-өткізу бекетінің шекара наряды шекаралық бақылау жүргізу кезінде олрдың қызметтік иті 30 жастағы Өзбекстан азаматының қасына келгенде ырылдап қоя берді. Бұл — аталған азаматтың бойында есірткі бар деген сөз.  Тергеу кезінде аталған азамат асқазанында есірткілік заттың бар екендігін мойындады. Айтуына қарағанда, есірткілік зат – марихуананы көлемі бір сантиметрлік болатын 6 дана дөңгелек полиэтиленді қағазға орап, жұтып жіберіпті.  Аталған дерек бойынша Сарыағаш гарнизонындағы құқықорғау органдары хабарландырылды.