Оқиға Өзбекстандағы Ташкент әуежайында болған.
«Жеке тексеру мен медициналық процедура кезінде азаматтың жалпы салмағы 100 грам болатын алтын кесектерін жұтқаны анықталды», - делінген Мемлекеттік кеден комитетінің баспасөз қызметінің хабарламасында.
Мәлім болғанындай, Өзбекстан азаматы Үндістанға ұшпақ болған. «Жасыл дәлізбен» өтіп бара жатқан азаматтың әрекеті күдік туғызып, оны тексеруге тоқтатқан.
Аталған жайт бойынша тергеу-тексеру шаралары жүргізілуде.
Ақпарат көзі: ernur.kz