Астан ұшынған сырқатты жындыханаға жапқан

Елордадағы Агротехникалық университеттің 3-курс студенті Жанар Нұрғазинова астан ұшынып жедел жәрдеммен жұқпалы арулар ауруханасына шұғыл жеткізілген екен. Алайда, ақ халаттылар науқасқа ем-дом көрсетпестен «жүйкесінде ауытқу бар» деп қаладағы психиатриялық диспансерге жіберіпті. Мұнда да 20 жастағы бойжеткен дәрігерлік көмекке қол жеткізе алмай көз жұмған. Ал сараптаманың қортындысы бойынша, сырқаттың астан уланғаны анықталып отыр. Инфекция ағзаға жайылып,  миын зақымдаған.


Данияр Ермеков, Астана қаласы прокуратурасының басқарма бастығы:

- Әзірге, тек дерек бойынша  қылмыстық  іс қозғалды. Дәрігерлер өз міндетіне салғырт қараған. Қазір тергеу жүріп жатыр. Егер ақ халаттылардың кінәсі расталса, 2 жылға бас бостандығынан айырылады немесе 3 жылға дейін медицина саласында жұмыс істеуіне тыйым салынады.