Жиынға ҚР Қарулы күштері түрлерінің бас қолбасшылары, аймақтық әскери командирлері, әскер түрлері мен арнаулы әскер қолбасшылдары мен оларлың орынбасарлары, облыстық, Астана және Алматы қалалық қорғаныс істері жөніндегі департаменттердің басшылары, ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери жоғары оқу орындарының жетекшілері қатысуда.
Бұл жиын ҚР Қарулы күштері түрлері қолбасшыларының, аймақтық қолбасшылықтардың, әскер түрлері мен арнаулы әскерлердің күнделікті іс-қызметін басқару, олардың оперативтік, мобилизациялық және 2005-жылғы жауынгерлік дайындығын арттыру үшін біртұтас әдістеме жобасын жасау мақсатымен ҚР Қарулы күштерінің дайындық жоспары негізінде өткізілуде.
Жиынды ашып сөз сөйлеген ҚР Қорғаныс министрі Мұхтар Алтынбаев 2005-жыл - ҚР Қарулы Күштерін құру және оны дамытуда барлық бағыт бойынша сапалық өсу жылы болатынын атап өтті.