Астана әкімдігі азық-түлік бағасын бақылауға алуға уәде берді

Мониторинг қортындысы бойынша 4 позиция бойынша арзандау байқалады: картоп (10,4%), пияз (9,1%), қырыққабат (3,0%), сәбіз (1,3%).

Бағаның төмендеуіне Қарағанды және Жамбыл облыстарының қатысуымен жәрмеңкенің өтуі әсер етті. Ауылшаруашылығы жәрмеңкесін өткізу барысында 525 тоннаға жуық өнім саудаланды, оның ішінде: Қарағанды облысы – 100 тонна, Жамбыл облысы – 425 тонна.

Айта кетейік, ағымдағы жылдың наурыз айынан Астанада 41 аймақтық ауылшаруашылық жәрмеңке өткізіліп, 17 300 тоннадан астам өнім сатылды, оның ішінде:

Жамбыл – 1503 т, ОҚО – 1200 т, Атырау – 200 т, БҚО – 50,5 т, Қызылорда - 440 т, Алматы – более 9 тыс. т, Ақтөбе – 615 т, Қарағанды - 350 т, Қостанай – 1150 т, ШҚО – 300, Павл.обл. – 685 т, 
СҚО - 500 және де басқа өңірлер.

Отандық сиыр етін ірі өндірушілер мен жеткізушілермен жасалған келісімшарт аясында сатып алу бағасы келісіне 1300 тг тіркелді. Алдыңғы сан бөлігін сату келісі 1350 теңгені құрайды. 

Қажетті азық-түлік жетіспеушілігін болдырмау үшін «Astana» азық-түлік корпорациясы «Кенмарт» СҮ және «Астықжан» СО әрқайсысына 150 млн.теңге көлемінде жалпы көлемі 300 млн теңге берілді.


Қант бағасын тұрақтандыру үшін шілде айынын бастап тауар интервенциясы жүргізіледі. «Астықжан», «Кенмарт», «Магнум», «Шапағат», «Апрель», Сеть «А2», «Встреча», Супермаркет «Алма», «5 минут» сауда желісі сауда нысандарындағы 33 сауда нүктелерінде жүзеге асырылуда.

Ағымдағы жылдың 7 ай ішінде елордада инфляцияның жалпы деңгейі 103,8 % құрайды. Бұл республикалық көрсеткішке сай. Оның ішінде азық-түлік тауарлар – 106,4%, азық-түлік емес тауарлар – 103,4%, ақылы қызмет – 101,1%. 

​​​​​​​