Осыған байланысты азаматтарға ыңғайлы болуы үшін Астана қаласының барлық аудандық әкімдіктері жанынан арнайы комиссиялар құрылды.
Азаматтардан құжаттарды қабылдау әкімдіктердің ғимараттарында жүзеге асырылады. Атап айтқанда: Алматы ауданы (Тәуелсіздік көшесі 7 үй), Есіл ауданы (Қабанбай батыр даңғылы 33), Сарыарқа ауданы (Сарыарқа даңғылы 13),
Аудандық әкімдіктердің ақпаратына сәйкес, мүлікті заңдастыру бойынша арнайы комиссияларға түске дейін 141 адам, соның ішінде 55 адам - Алматы ауданына, 65 адам - Сарыарқа ауданына, 21 адам - Есіл ауданына өтінішпен келген. Комиссия мүшелерінің айтуынша, әзірше азаматтар мүлікті заңдастыруға қажетті құжаттар тізімін, шарттарын білу үшін т.б. жалпы сұрақтар бойынша кеңес алуға келуде.
Атап өту керек, Астана қаласы әкімдігі құзіретіне кіретін мүлікті жария ету объектілеріне құқық немесе ол бойынша мәмілелер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тіркеуге жататын, басқа адамға ресімделген жылжымайтын мүлік (ғарыш объектілерінен және магистральдық құбырлардың желілік бөлігінен басқа); құрылыс нормалары мен қағидаларына, сондай-ақ өздері орналасқан, жария ету субъектісіне меншік құқығында тиесілі жер учаскесінің нысаналы мақсатына сәйкес келетін, Қазақстан Республикасының аумағында тұрған үйлер (құрылыстар, ғимараттар) жатады.
Азаматтар мүлкін жария ету үшін өтініш, жеке куәліктің көшірмесін (өтінішті берген кезде түпнұсқасын ұсыну керек), нысанның құрылыс нормаларына және ережелеріне сәйкестігі туралы аттестатталған сарапшының қорытындысын, сондай-ақ, жылжымайтын мүліктің техникалық құжатын әкелуі тиіс.