«Мен өз тәжрибемде, 15 жылға жуық уақыттан бері БАҚ бас редакторларымен тоқсан сайын кездесіп тұрамын (...). Биресми форматта өтетін бұл кездесулерде БАҚ басшылары өздерін мазалаған сұрақтарды қояды, ал біз оларға мүмкіндігінше ашық жауап беруге тырысамыз. Сондықтан, бізді, соның ішінде мені бұқаралық ақпарат құралдары үшін жабық адам деуге болмайды», - деді ол жұмадағы брифингте.
«Бір жыл ішінде ақпарат құралдары басшыларымен бірнеше рет кездессем, бұл менің БАҚ жетекшілерін қаладағы жағдаймен, әске асырылып жатқан жобалармен және мемлекет басшысы белгілеген міндеттерді шешу бағытында атқарылып жатқан іс-шаралармен таныстыруға деген талпынысымды білдірсе керек», - деп қосты әкім.
«Ақпарат беруден, кездесуден бас тартқан бірді-екілі жағдайлар болса, әкімнің сайты жұмыс істеп тұр ғой» деді әкім.
«Мен сайтты күн сайын таңертең қарап отырамын. 10 жылдан бері осыны әдетке айналдырдым. Сіздердің әр қайсыңыздың «Иманғали Нұрғалиұлы, біз сізге жолыға алмай жүрміз» деп осы сайтқа жазуға хақыңыз бар. Оның несі қиын? Сенсеңіздер, маған мұндай бірде-бір өтініш немесе ұсыныс түскен жоқ», - деп сендірді әкім.
Сонымен қатар, шаһар басшысы қалыптасқан ахуалды жан-жақты тексеруге уәде етті.
«Брифингтен кейін міндетті түрде жағдайды тексеріп, әкімдікке келіп түскен қағаздарды қарап шығамын. Неге бұлай болып жатқанын анықтаймын. Сөзіме сеніңіздер, мен сіздермен кездесуге дайынмын. Ал, егер маған жолыққыларыңыз келсе сайтқа жазыңыздар, содан соң сөйлесеміз», - деді И.Тасмағамбетов.