Астана әкімі елорда дәмханаларындағы жаппай уланудың себебін атады

«Таяуда бірқатар мекемеде тамақтан жаппай улану оқиғасы орын алды. «Старомодный» мейрамханасында адамдар жаппай уланды. Неге? Өйткені көптеген кәсіпкерлер заңды белден басып, өз қызметкерлерін медициналық тексеруге жіберудің орнына қандай да бір жолдар арқылы, байланыстарын іске қосып, жалған сертификаттар сатып алады. Мұндай жайт не үшін жасалады? Үш, төрт күніңді шығындап, медициналық тексеруден өту соншалықты қиын болғаны ма?», - деді қала басшысы.

Ә.Жақсыбеков  мұндай жайттар кәсіпкердің бизнесіне тосқауыл болатындығын баса айтып, оларды әділ жұмыс істеуге шақырды.


«Біз бірлесе жұмыс істеп, бизнес жүргізуге қолайлы жағдай жасауға тиіспіз. Бұл ретте кәсіпкерлерден де кері байланыс болуы қажет», - деді елорда әкімі.