Астана әкімі елордалық велосипедшілерді қуантты

Ол өзінің блогында осы мақсатта қазірде Астананың бас жоспарына өзгерістер әзірленіп жатқанын жазды. Жол инфрақұрылымы мен жол белгілерінің жүйесіне түзетулер енгізіледі.

Ол 2011 жылы Астана-Қорғалжын тасжолының сол жағында, Ильинка кенті маңындағы Аққайың тоғайында асфальтталған велосипед жолы салынғанын еске салды. Онда ұзындығы 3 және 1 шақырымдық және ені 3,5 метрден екі шеңбер жол жасалған. Қасында автотұрақ бар.

«Бұдан басқа, велоспорт әуесқойлары жаттығулар үшін Орталық саябақтағы асфальтталған және жарықтандырылған шаңғы-роллер жолын пайдалана алады», - деп жазды қала басшысы.