"Өз істерін жаңадан бастаған кәсіпкерлер мен ғалымдарды қолдаудың өзектілігін ескере отыры, біз инновациялық жобаларды ізденуге Астана әкімінің грантын тағайындауды ұсынып отырмыз, оған ғылыми элита өкілдері, студенттер және кәсіпкерлік өкілдері қатыса алады",- деді Мәлика Нығматулина.
"Бүгін біз осы гранттың тағайындалуы туралы хабарлап, әкімшілік жанында құрылған ведомствоаралық комиссияға өтініштер қабылдай бастаймыз",- деді департамент директоры Малика Ниғматулина. Оның сөздеріне сүйенсек, байқау қорытындысы жылдың аяғында жарияланады.
"Байқаудың жеңімпазы жобаны жасауға грант ретінде тек ақшалай сыйақы алып қана қоймайды, сонымен қатар біз оған аталмыш жобаны одан әрі қаржыландыруға және де бұл жобалардың бүгінгі күні дамып жатқан Астананың индустриялық парктерінде орналасуына көмектесеміз",- деп атап өтті Мәлика Нығматулина. Ол, Астананың индустриялық паркінің аумағында құрылыс индустриясы мен өңдеу өнеркәсібінің 200-ге жуық нысандарын жайғастыру қарастырылып отырғандығын еске сала кетті.