Астана әкімі Facebook желісінде хабарламаларды өзі оқитынын айтты

Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды.

Сұлтанов dialog.egov.kz сайтындағы интернет-конференцияда сұраққа жауабында Facebook желісінде бұған дейін қалыптасқан жедел әрекет ету жүйесінің сақталып қана қалмай, одан да күшейтілетінін айтты.

"Мықты кері байланыс орнату - уақыт талабы ғана емес, менің де ұстанымым, әкімдік алдағы уақытта осы бағытта белсенді жұмыс істейді. Facebook оқимын және қол боста келген барлық хабарламаны қараймын", - деді Сұлтанов.