Бүгін әкімшілікте өткен кеңесте Астананың сәулет келбетіне тоқталған әкім: "біз қаланың ескі бөлігінде үлкен қателіктер жасап жатырмыз. Мәселен, Елордасындағы негізгі көше - Сарыарқа көшесі арзан ықшамаудан сияқты сезілетін болды. Бұл аудан сәулет өнері тұрғысынан алғанда ешбір құндылығы жоқ көп қабатты қорапшаларға толып барады. Мұндай құрылыс 50-ші жылдары салынған",- деді әкім.
"Мүмкін ғимараттардың жобасын жасаған кезде сәулетшінің шабыты шатысып кеткен шығар. Мүмкін сол сәтте ол тоқырауға ұшырап, жобаны қалалық кеңеске енгізген болар. Ал біздің он адамнан құралған құрметті кеңес оны бекітіп жіберген болар",- деді әкім салқын мысқылмен. "Бұл сіздің жұмысыңыздағы үлкен ақау",- деді ол бас сәулетші Шоқан Матайбековқа қаратып айтқан сөзінде.
А.Маминнің айтуынша, оның тапсырмасымен қазір қалада бірқатар құрылыс жобаларын жүзеге асыру жұмысы тоқтатылған. Атап айтсақ, қаланың оң жақ жағалауындағы көптеген жобалар тоқтатылды",- деді А.Мамин.
Әкімнің айтуынша, ендігі жерде сәулетшілер мен жобалаушыларға қойылатын талап күшейтіледі. "Соңғы қала құрылысы жөніндегі кеңесте ұсынылған 15 жобаның екеуі ғана мақұлданды. Бұдан былай эскиз түріндегі жобаларды қала құрылысы жөніндегі кеңеске аяқталаған түрде ұсыну қажет",- деді А.Мамин.
Қала басшысы бас сәулетшіге бұдан былай жұмыста ақау шығармауға тапсырма беріп, Елордасының дизайнына мән беруді тапсырды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті