Елорданы одан әрі дамыту мәселелері жөніндегі мәжілісте Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев студенттерді шаһардағы қонақ үйлер мен хостелдерге орналастыруға болатынын айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
Отырыста елорда әкімі Мемлекет басшысына Президенттің бес әлеуметтік бастамасы аясында қандай жұмыстар жүргізіліп жатқанын баяндады. Оның ішінде студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету мәселесі де бар.
«Қаладағы жатақханаларға сұраныс 4 негізгі жоғары оқу орнында 9 750 орынды құрайды. Біз ауданы 10,4 гектарды құрайтын 10 жер телімін анықтадық. Аталған мәселені шешудің альтернативті нарықтық механизмін ұсынамыз. Қаладағы 35 колледжде 26 мың студент оқиды. Студенттердің 1 800-і жатақханалармен қамтамасыз етілген. Алайда әлі де 2 100 жатын орынға сұраныс бар», - деді әкім.
Осы орайда Әсет Исекешев қаладағы студенттерді жатақханамен қамтамасыз етудің тың әдісін дайындап жатқанын айтты.
«Қазіргі таңда қалада жұлдызы жоқ 100 қонақ үй мен хостел бар. Оларда 9 мыңға жуық орын бар. Осы қонақ үйлер мен хостелдер мемлекеттік жекеменшік әріптестік негізінде студенттерге қызмет көрсете алады. Бұл қаржы мен уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді. Тиісті ұсынысты Білім және ғылым министрлігіне дайындап жатырмыз», - деді Астана қаласының әкімі.
Оқи отырыңыз:
Алимент төлемеген атыраулық жүргізуші құқығынан айырылды
Енді Тұрсын Алагөзовтің әкесі сотқа шақырту алды
Италиялық ғалымдар жазылмайтын дерттің емін тапты