Астана қаласының әкімі Асқар Маминнің бұйрығымен Астана қалалық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы департаментінің директоры болып бұрын Астананың Сарыарқа ауданының әкімінің орынбасары қызметін атқарған Мейрам Қойшыбаев тағайындалды, деп хабарлаған баспасөз қызметіндегілер.
Сондай-ақ, А. Маминнің өкімімен құрылыс департаментінің директоры қызметіне Владимир Лютов тағайындалды. Бұрын ол Астана қалалық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы департаментінің директоры қызметінде болған.