Астана әлемдегі «ақылды» қалалар рейтингінде бірінші орынға шығуы мүмкін


«Астана әлемдік стандарттар деңгейінде жайлылық, қауіпсіздік қамтамасыз етілетін әлемнің интеллектуалды, озық инновациялық қаласы болатынына сенемін», - деп әкім бүгін "Smart Astana 2014" халықаралық конференциясында атап көрсетті.
«Бұл үшін барлық ресурстар қолданылады, үрдістер инновациялық болады, ал енгізілетін жүйелер мен технологиялар халықтың барлық буыны үшін қолжетімді болады», - дейді әкім.
Ә.Жақсыбеков қазіргі кезде «ақылды» қалалар рейтингінде бірінші орында Торонто, ал Астана 21-ші орында екенін еске салды.
Бізге Торонтомен бірінші орынды бөлісу үшін қазір климаттық жағдайымызға қарай міндет тұр. Біз осындай тапсырма қоямыз. Оны жүзеге асырамыз деген үміттемін», - дейді ол.
Әкім қабылданып жатқан креативті шаралар ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін өткізу қарсаңында өте маңызды екенін атап өтті.
ЭКСПО-2017 көрмесінің тақырыбы «Келешек қуаты» екенін назарға ала отырып біз «ақылды» қала болуға ықпал ететін үш бағытты айқындап алдық.
Ә.Жақсыбеков атап көрсеткендей, бірінші бағыт шеңберінде «энергетикалық тиімділік пен қалпына келетін қуат көздері саласында шешімдер әзірлеу», екінші бағыт «көлік инфрақұрылымы мен логистика және қаланың инфрақұрылымын жаңарту және сапасын жақсарту және үшіншісі «қонақжайлық институты мен қала тұрғындары мен елорда қонақтарының жайлы жүріп-тұруын қамтамасыз етуге бағытталған.
Астананың географиялық артықшылығына негізделетін қаланы дамыту үлгісін әзірледік. Біз қабылдап отырған шаралар мен нақты жобалар инновациялық әлеуетіміздің өсу нүктесі болады және халықтың барынша сапалы қызметке қол жеткізуін қамтамасыз етеді», - деп әкім сөзін түйіндеді.