Астана, Алматы мен Ақтау қалаларында ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған фотокөрме өтеді

«Көрменің мәні еліміздің жиырма үздік фотожурналистерінің 200 бірегей фотосуреттерін көрсетуде жатыр», - делінген жұма күні таратылған ақпаратта.

Көрменің мақсаты ел тәуелсіздігінің жиырма жылында объективке түсірілген мемлекеттік, қоғамдық және рухани өмірдің маңызды оқиғаларын жылнама ретінде болашақ ұрпақ үшін сақтау.

Көрме екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде, 2-8 қараша аралығында көрме Алматыдағы Ә. Қастеев ат. өнер мұражайында өтеді. 16 қарашада көрме Астанадағы мемлекеттік алтын мен бағалы металдар мұражайында ашылып, қараша айының соңына дейін жұмыс істейді. Қорытынды кезеңде 10-20 желтоқсанда фотокөрмені Ақтауда өткізу жоспарланған.

««Тәуелсіздік тағылымы» фотокөрмесінің қорытындысы бойынша осы аттас фотоальбом басып шығарылады, онда фотосуреттер және тарихи шараны ұйымдастыруға қаиысқан және қолдау көрсеткендердің фотосуреттері жарияланады», - делінген мұражай баспасөз қызметінің ақпаратында.

Фотокөрмені өькізу туралы бастама көтерген «ФОТОӨНЕР» қоғамдық бірлестігінің президенті Асылхан Әбдрайымның айтуынша, «осы жылдар бойы тәуелсіздік алған халықпен бірге фототілшілер қатар жүріп, жас мемлекеттің әр қадамын суретке түсіріп, еркін Қазақстанның фотожылнамасын жасап келеді».