Астана, Алматы қалалары мен облыс орталықтарында Президенттік жаңажылдық шырша өтеді

Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Жыл сайын аталмыш шара жетім, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар, аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан, сондай-ақ оқуда, спорт, шығармашылық немесе қоғамдық өмірде жетістіктерге жеткен дарынды балалар үшін ұйымдастырылады.

Президенттік шырша Астанада Б. Момышұлы көшесіндегі Оқушылар сарайында, ал Алматы қаласында Оспанов көшесі мен Достық даңғылы қиылысындағы «Royal Tulip» қонақүйінде өтеді.