«Астана арландары» «АҚШ нокаутшыларын» 4:1 есебімен сүріндірді

Бұл олардың осы маусымдағы жетінші жеңісі.

Еске сала кетсек, «Арландар» «Нокаутшыларды» бұдан бұрын Қазақстанда 5:0 есебімен ойсырата ұтқан болатын. Қарсыластар өз алаңында өткен жекпе-жекте де бұза алмады "Астана арландары" клубының қамалын.
Жарыс басталмай тұрып біздің команданың 2 ұпаймен алға шыққанын кеше жазған едік. Оған АҚШ боксшыларының бірінің салмағының артық болуы, екіншісінің жарысқа келмей қалуы себеп болған.
Осы ұпайға боксшыларымыз жекпе-жекте тағы екі ұпай қосты. 54 келідегі Хабибулла-Исмаил Ахунов Браулио Авилла Хуаресті жеңсе, 73 келідегі Константин Снигур Уильям Уильямсті ұтты.
Өкінішке қарай аса ауыр салмақтағы боксшымыз Роман Капитоненко қарсыласы Иштван Бернатқа есе жіберіп қойды.
Сонымен, есеп: 4-1!
«Арландар» клубының тек көрсетілім үшін шыққан екі боксшысы - Самат Бәшенов (61 кг) пен Эхсан Рузбахани (85 кг) да қарсыластарын айқын басымдылықпен уақытынан бұрын ұтты.
Енді 7 ақпанда «Астана арландары» сырт алаңда «Британия арыстандары» командасымен кездеседі, деп хабарлайды BAQ.kz.
Басты сөздер: Спорт

Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі