«Астана арландары» Baku Fires командасымен қолғап түйістіреді

Қазақ елінің намысын Міржан Рахымжанов, Ержан Мүсәпіров, Қанат Сләм, Рамжон Махмудов және Руслан Мырсатаев қорғайды. Айта кетерлігі, бұған дейін осы командамен 3 мәрте кездескен Астана арландары ұтылып қалған болатын.

AIBA ұйымының қолдауымен болып жатқан WSB клубтық жарысы Азия, Еуропа және Америка аймақтық конференциялары бойынша өткізілуде. Қазақстанның «Астана арландары» боксшылары Қытай, Оңтүстік Корея және Әзірбайжан мемлекеттерінің былғары қолғап шеберлерімен бірге Азия конференциясына кіреді.