Астана Арландары» «Лос Анджелес Матадорс» командасымен қарымта жекпе-жек өткізеді

«Аламан» ұлттық спорт порталының мәліметіне қарағанда, бокс бәсекесі қаңтардың 14-і күні сағат 20:00-де Астананың «Дәулет» спорт кешенінде өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, жаңа маусымның алғашқы бәсекесін Америкада өткізген жерлестеріміз сырт алаңда «Лос Анджелес Матадорс»-тан 2-3 есебімен жеңіліп қайтқан еді.
Осылайша жаңа маусымды өте сәтсіз бастаған «Астана арландары» артынша итальяндық «Милан найзағайы» командасынан 0-5 есебімен ойсырай ұтылған.
Алайда, бұдан кейінгі кездесулерде біздің жігіттер намысқа тырысып, есін жинап алды.
Алдымен Астанада Мәскеу «Динамосының» аптығын басты (есеп 3-2). Артынша Үндістанда «Мумбайдың жойғыштарын» 5-0 есебімен тас-талқан етіп, Тәуелсіздіктің 20 жылдығына тамаша тарту жасады.
Бүкіләлемдік бокс сериясының жаңа маусымында, тек чемпион боламыз деп мақсат қойған біздің шеберлер, алдағы өтетін мықты матчқа тыңғылықты әзірленіп жатыр.

Осы бәсекеде жекпе-жекке шығатындар:
1) 54 кг
Джоет Гонсалес VS Данияр Тоқбаев

2) 61 кг
Леонид Мальков VS Мерей Ақшалов

3) 73 кг
Заал Квачатадзе VS Қанат Ислам

4) 85 кг
Сергей Корнеев VS Рамзжон Ахмедов

5) +91 кг
Мохаммед Арджауи VS Руслан Мырсатаев