«Астана арландары» мен Оңтүстік Кореяның «Инчхон қырандары» арасында жекпе-жектер өтеді

Онда Қазақстан намысын қорғайтын «Астана арландары» мен Оңтүстік Кореяның «Инчхон қырандары» шаршы алаңға шығады.

Қазақстан бокс федерациясының хабарлауынша, осыған орай 14 қаңтар күні «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ ғимаратында баспасөз мәслихаты ұйымдастырылып, былғары қолғап шеберлерінің салмағын өлшеу рәсімі өткізіледі.

Айта кетейік, Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығының ұйымдастыруымен өтетін додаға 12 мемлекеттің командалары қатысады. Олар өз аймақтары бойынша үш топқа бөлінген.

Қазақстанның «Астана арландары» клубы Оңтүстік Корея, Қытай және Әзірбайжан командаларымен бір топта өнер көрсетеді.


Бұған дейін елордадағы «Дәулет» теннис кешенінде өткен кездесуде қазақ былғары қолғап шеберлері кәрістің аталған клубын 5:0 есебімен ойсырата жеңген болатын.