"Астана арландары" мен "Ресей патриоттары" арасындағы жекпе-жекке қатысатын боксшылар белгілі болды

Бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) жобасының жетінші маусымындағы топтық кезеңінің төртінші турында кездесетін "Астана арландары" мен "Ресей патриоттары" командалары арасындағы жекпе-жек қатысатын боксшылардың тізімі белгілі болды, деп жазады Vesti.kz порталы.

Жекпе-жектер 18 наурыз күні Тараз қаласында өтіп, 18:00-де басталады. Бұл кездесулердің тікелей трансляциясын Vesti.kzпорталы арқылы мына сілтеме бойынша көре аласыздар.

"Астана арландары" мен "Ресей патриоттары" арасындағы кездесуге қатысатын боксшылардың тізімі:

52 келі:


Олжас Сәттібаев - Вячеслав Ташкараков

60 келі:
Зәкір Сафиуллин - Артур Субханкулов

69 келі:
Асланбек Шымбергенов - Шахабас Махмудов

81 келі:
Арман Рысбек - Павел Силягин

91 келіден ауыр:
Олжас Бұқаев - Магомед Омаров

Еске салайық, бұл екі команда арасындағы Мәскеуде өткен кездесу 3:2 есебімен "арландардың" пайдасына аяқталған болатын. Егер бұл кездесуде де елордалық ұжым жеңіске жетсе, плей-офф кезеңіне жолдама алады.