«Астана арландары» өз тобында алға шықты

Енді алда ширек финалдық кездесу. Ол кезеңдегі қарсыласымыз алдағы күндері анықталады, деп хабарлайды «Аламан».

54 кг: Мирас Жақыпов (Қазақстан) - Николае Андриан (Румыния) - 0:3 (47:48, 47:48, 46:49)

Кездесуді Мирас Жақыпов пен румын Николае Андриан бастады. Осыған дейінгі кездесулерінде жеңіліп көрмеген Мирас бұл жолы қарсыласын құлата алмады.

61 кг: Ержан Мүсәпіров (Қазақстан) - Роберт Харутюнян (Германия) - TKO-I R2 02:59

Екінші кездесуде Ержан Мүсәпіров Роберт Харутюнянды оңдырмай сабап, кездесуді уақытынан бұрын аяқтады. Осылайша есеп теңескен.

73 кг: Константин Снигур (Израиль) - Василий Белоус (Молдова) - 3:0 (50:44, 49:45, 50:44).

Артынша Константин Снигур біздің команданы алға шығарды. Израильдік легионер Василий Белоусты ұтты. Одан кейін шаршы алаңға көтерген екі бірдей алыптарымыз жеңіске жетті.

85 кг: Эхсан Рузбахани (Иран) - Серж Мишел (Германия) - 3:0 (50:45, 50:45, 50:45);

91 кг: Руслан Мырсатаев (Қазақстан) - Эрик Брехлин (Германия) - TKO R2 03:00.