Сенбі-жексенбі күндері Бүкіләлемдік бокс сериясы (WSB) жобасының бесінші маусымының жартылай финалында еліміздің «Астана арландары» командасы мен Ресейдің «Рашн Боксин Тим» командасы өзара мықтыны анықтайды. Бұл - шешуші сынның бірі.
«Астана арландарының» бас бапкері Марат Жақиев жігіттердің жартылай финалға жақсы дайындықпен келгенін мәлімдеп отыр. Өз кезегінде ресейлік команданың бас бапкері Эдуард Кравцов та өз боксшыларының жерге қаратпайтынына сенімді.
«Спорт.kz» сайты алдағы болатын жекпе-жекке кімдер шығатынын жария етті. Сонымен 23 мамыр күні шаршы алаңға шығатын боксшылардың жұбы:
49 келі: Теміртас Жүсіпов - Вадим Кудряков;
56 келі: Қайрат Ералиев - Владимир Никитин;
64 келі: Самат Бәшенов - Григорий Лизуненко;
75 келі: Мейірім Нұрсұлтанов - Сухроб Сидиков;
91 келіге дейін: Василий Левит - Виталий Кудухов
Ал 24 мамыр күнгі кездесуде алаңға шығатын боксшылардың жұбы мынадай:
52 келі: Олжас Сәттібаев - Карен Арутюнян;
60 келі: Закир Сафиуллин - Артур Субханкулов;
69 келі: Асланбек Шымбергенов - Якуб Нуриев;
81 келі: Нұрдәулет Жарманов - Эдуард Якушев;
91 келіден жоғары: Еркін Мұхамеджан - Дмитрий Зайцев
Осы бокс кешін «Дәулет» спорт кешенінен көріп, отандық командамызға жанкүйрлік жасау үшін билеттер сатылып жатыр. Билеттерді «Меломан» дүкендері желісінде, «Жастар» спорт сарайында, «Конгресс-Холл» және «Қазақстан» Орталық концерт залының кассаларынан алуға болады.
Қос команданың тартысты жекпе-жегін «Хабар» телеарнасы қазақстандық көрермендер назарына тікелей эфирде ұсынады деп күтілуде.