"Астана арландары" үндістандық "Мумбай Файтерсті" 5:0 есебімен ұтты

Болат Манкенов тізгінін қолына алған астаналықтардың бұл 2011/2012 жылғы маусымдағы ең ірі жеңісі болып отыр. Онда Хабибулла Исмайыл-Ахунов Балбир Синхты (54 кг), Ержан Мүсәпіров Дивакар Прасадты (61 кг), Абдельхафид Бенчабла Леонид Шарнабаевты (85 кг), Шуайб Булудинатпас Кришан Кумарды (91 кг) ұпай санымен, ал Мирас Байырханов Санжир-Поль Вргочты (73 кг) техникалық нокаутпен жеңді.

Бұған дейін "Астана арландары" "А" тобында өз қарсыластарынан "AD&G Milano Thunder" клубына 0:5, "Los Angeles Matadors" командасына 2:3 есебімен есе жіберіп