«Астана Арланс» «Американдық нокаутшыларды» талқандады

Матчтың бірінші кездесуінде рингке 54 келі салмақ дәрежесіне дейінгі боксшылар шықты: Қазақстан командасынан - Бағдат Әлімбеков, «Американдық нокаутшылардан» - Джой Грегори Переза. Жекпе-жек үшінші раундта американдық боксшының қабағы жарылып, жарасынан қан сауғалай бастағаннан кейін тоқтатылды. Нәтижесінде, мерзімінен бұрын жеңіске ұпай сандары бойынша Әлімбеков қол жеткізді.

Екінші жекпе-жекте 61 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін қазақстандық боксшы Самат Бәшенов өзбекстандық Анвар Юнусовты сабалап, «Астана Арланс» командасына мерзімінен бұрын жеңіс алып берді. «Арландардың» капитаны 5 раундтық жекпе-жекте өзінің қарсыласын 3:0 есебімен басып озды.

85 келіге дейінгі салмақта боз кілемге Хорватияның өкілі Сеп Хрвойе ("Астана Арланс") және Марко Калич («Американдық нокаутшылар») шықты. Бұл жерде де «арландар» жеңіске жетті, есеп - 3:0.

Қорытынды жекпе-жекте жұдырықтасқан ауыр салмақ (+91 келі) дәрежесіндегі қазақстандық боксшы Руслан Мырсатаев венгриялық Иштван Бернатты 3:0 есебімен тізе бүктірді.

Жекпе-жектер 23 қараша күні Астана қаласында өтті.