Astana Arlans боксшылары өз клубтарын сотқа берді

“Астана” президенттік клубының құрамына кіретін Astana Arlans кәсіби бокс клубына қатысты іс Астана қаласы Есіл аудандық сотында қаралып жатыр. Шағымданушылардың наразылығы Дүниежүзілік бокс сериясы WSB бесінші маусымындағы жеңіс үшін AIBA тарапынан Astana Arlans клубына 400 мың АҚШ доллары көлемінде сыйақы аударылып, алайда ол ақшаның бапкерлер мен спортшыларға жетпегеніне байланысты болып отыр.

Мәселені мәдениетті түрде шешуге тырысқаннан кейін, чемпиондар сотқа жүгінген. Іс бойынша 24 адам шағым түсірген, олардың арасында Ерік Әлжанов, Самат Башенов, Бейбіт Есжанов, Мардан Берікбаев, Жомарт Ержан, Мұхамеджан Еркін, Қайрат Ералиев, Мирас Жақыпов, Нұрдәулет Жарманов, Ержан Мүсәпіров, Закир Сайфуллин және Мейірболат Тоитов бар.


Сыйақыдан бөлек олар Astana Arlans клубынан әр қайсысына 200 000 мың теңге көлемінде моральдық шығын өтеуін талап етіп отыр.