«Astana Arlans» боксшысы Сергей Деревянченко кәсіби боксқа ауысады

Николаев қаласында  тұрып жатқан орта салмақтағы боксшы алғашқы жекпе-жегін 21 маусымда  Уилкс-Барредегі Mohegan Sun Pocono Downs  аренасында (Пенсильвания штаты, АҚШ) өткізеді.

Айта кетер жайт, тағы бір украиндық Анатолий Дудченко Наджиб Мохамедимен шаршы алаңда жұдырық түйістіреді. Олардың жеңгені  жартылай ауыр салмақтағы WBA/IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы Бернард Хопкинспен кездесетін болады.

Еске сала кетсек, мамыр айының басында құрамында Деревянченко бар  «Astana Arlans» командасы  биылғы WSB  маусымының финалына шыға алмай қалған болатын.