«Астана Арланс» бұрынғы бапкері комаға түсті

Украинаның бокстан еңбегі сіңген бапкері, «Астана Арланс» клубының бұрынғы жаттықтырушысы Сергей Корчинский қатты жарақат алып, комаға түсіп қалды.

Бұл туралы Вaq.kz ақпарат агенттігі Николаевские новости басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Сергей Корчинский Николаев қаласында бір дүкеннің жанында төбелестен кейін осындай күйге түскен.

Оқиға 13 сәуірде болған. Корчинский мен сол маңнан өтіп бара жатқан біреумен сөзге келіп қалады. Екеуі төбелеседі. Ер адамның соққысынан бапкер асфальтқа құлайды да, Корчинский есінен танып қалады. Ұрған кісі көлікке отырып, қашып кетеді. Ал бапкерді жедел жәрдем көлігі ауруханаға жеткізеді.

Николаевтағы аурухананың бас дәрігері Александр Демьяновтің айтуынша, бапкердің жағдайы біраз тұрақталған. Бірақ ол әлі күнге дейін комада жатыр. Себебі комадан шығару әзірге қауіпті.

Полиция шабуыл жасаған азаматты іздеп жатыр. Егер оның кінәсі дәлелденсе, ол 8 жыл бас бостандығынан айрылуы мүмкін.


Айта кетейік, Сергей Корчинский бұрын «Астана Арланс» клубымен жұмыс істеді. 2013 жылы ол бас бапкер болғанда клуб Дүниежүзілік бокс сериясында (WSB) жеңіске жеткен және Корчинский WSB-тің үздік бапкері атанған.

Оқи отырыңыз:

Бауыржан Мусинге қатысты сот үкімі шықты

"Әзірет Сұлтанның" наиб имамы Оразаға дейін жасалуы тиіс 5 амалды атады

Кәмшат Жолдыбаеваның сіңлісі Алтынай сауық кешіне төсін ашып келді