«Astana Arlans» - «Cuba Domadores» жекпе-жегiне шығатын боксшылардың алдын ала тiзiмi жасалды

WSB-ның үшiншi маусымында чемпион атанған астаналық боксшылар былтыр ғана төртiншi маусымда қарсылас шақ келтiрмеген кубалық былғары қолғап шеберлерiмен күш сынасады.

Алдын ала құрамның тiзiмi:

49 келi: Мардан Берiкбаев - Йосбани Вейтиа Сото
52 келi: Мирас Жақыпов - Леодан Нуньес Мартинес
56 келi: Мейiрболат Тоитов - Робейси Рамирес Карразана
60 келi: Роман Щегринов - Лазаро Альварес Эстрада
64 келi: Асхат Уәлиханов - Яснир Толедо Лопес
69 келi: Мадияр Ашкеев - Роньель Иглесиас Сотолонго
75 келi: Мейiрiм Нұрсұлтанов - Арьен Лопес Кардона
81 келi: Хрвое Сеп - Хулио Ла Крус Пераза
91 келi: Алмат Серiмов - Эрисланди Савон Котилла
+ 91 келi: Филип Хргович - Йоанди Ортега.

Еске сала кетейiк, қос клуб арасындағы жекпе-жек Астанадағы «Дәулет» спорт кешенiнде 9-10 қыркүйекте өтедi.