Жартылай финалдық жекпе-жектер келесі жұптар бойынша өтпек: Рафикжон Сұлтонов - Анвар Юнусов (54 келі), Ержан Мұсафиров - Адлан Абдрушитов (61 келі), Қанат Сләм - Максим Газизов (73 келі), Абделхафид Бенчабла - Олександр Гвоздик (85 келі), Шуаиб Болодинатс - Виталий Кудухов (+91 келі).
Айта кетейік, үстіміздегі наурыз айының 23-і күні Астанада өткен жартылай финалдың алғашқы жекпе-жектері кезінде «Astana Arlans» боксшылары «Dynamo Moscow» құрамасынан 3:2 есебімен басым түскен болатын. Осы жолы мәскеуліктер 2:3 есебімен жеңсе, жалпы есеп теңеседі. Онда 61 келі салмақта қосымша жекпе-жек ұйымдастырылады. Оған «Astana Arlans» командасынан Әділет Егізбеков, ал «Dynamo Moscow» құрамысынан атынан Эдуард Хусаинов қатысады.