«Dolce & Gabbana Italia Thunder» - «Azerbaijan Baku Fires» жұбының жеңімпазы біздің командаға қарсылас атанатын еді. Бакуде 0:5 есебімен ұтылған итальяндықтар өз шаршы алаңында 4:1 есебімен қарымта қайтарды. Алайда бұл жеңістің өзі жартылай финал жолдамасын қалтаға басуға жеткіліксіз болды. Келесі кезеңге Әзербайжандық команда өтті.
«Astana Arlans» - «Azerbaijan Baku Fires» WSB жартылай финалының алғашқы матчы 26 сәуір күні Астанада өтеді.
Естеріңізге сала кетейік, Алматыда өткен
ширек финалдық қарымта матчта «Astana Arlans» германиялық клубты 5:0 есебімен ойсырата ұтты. Ал Германияда «арландар» 3:2 есебімен жеңіске жеткен еді.