Астана әуежайы әскери шеруді дайындау және өткізу кезінде уақытша жабылатын болады

"Алдын-ала деректерге қарағанда, 2014 жылдың 24-30 сәуір күндері және 2,3,5 мамыр күндері Астана әуе жайы сағат 10:30- 12:30 арасында және 7-мамыр күні сағат 10:30 -12:30 арасында Отанды қорғаушылар күніне арналған әскери шеруді дайындау үшін әуе кеңістігін жабады", делінген хабарламада.

Сол себепті әуе рейстері де кешіктірілетін болады.

Алдында республиканың қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, 7-мамыр күні өтетін әскери парадты дайындау барысында әскери әуе қорғанысының тікұшақтары мен ұшақтары Астана мен Қарағандының әуе базаларына әкелінген.

Астана мен Қарағандының әуе базаларында ұшатын құрам ұшу элементтерін жаттығуда.


Шеру күні Астанада "Қазақ Елi" алаңының үстімен қазақстандық әуе қорғаныс күштерінің 70-тен аса әуе техникасы ұшып өтеді.