Астана әуежайы ТМД елдері арасында халықаралық ұйымдардың азаматтық авиациясы санаты бойынша үшінші орындағы "Пулково"(Санкт- Петербург) әуежайынан кейін екінші орынға ие болды.

"Бұл ТМД елдеріндегі екі бағыттан бірдей ұшақ қабылдайтын жолы бар үшінші санаттағы "Пулково" әуежайынан кейінгі екінші орында тұр. Мәскеулік "Домодедово", "Шереметьево-2" әуежайлары да үшінші санатқа ие болғанымен, оларда бір бағытта ғана жол бар", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, ҚР көлік және коммуникация министрлігінің азаматтық авиация комитеті және Мемлекетаралық Авиациялық комитетінің сертификаттау және құрал- жабдықтау комиссиясымен (МАК) бірлесе отырып, Астана әуе жайының үшінші санаты бойынша сертификациялауды өткізіп, тиісті сертификаттарын тапсырды.

"Қойылған заманауи құрал-жабдықтар диспетчерлерге, ұшып бара жатқан әуе кемелерін және арнайы техниканы анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, ұшырылу алаңында жүріп бара жатқан техника мен әуе кемелері әуе қозғалысын басқарып отырған диспетчерлік мониторында көрсетіледі. Бұл көру мүмкіндігі шектелген кезде, әуе жайында қозғалыстың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді ", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Әуе навигациялық халықаралық ақпарат жинағына тиісті мағлұматтар енгізілгеннен кейін, 10 қаңтардан бастап Астана әуе- жайы қону- ұшуды көру мүмкіндігі 200 метрге дейін әуе кемелерін ұшырып, қабылдайтын болады. Ал бұған дейін әуежайдың метеоминимумы 350 метрді құраған.