Астана әуежайында бейнежазба құрылғысымен жабдықталған 3 автоқалам алып өтпек болған азамат ұсталды

С.А. деген ҚР азаматынан кедендік одақ аймағына әкелуге тыйым салынатын арнайы техникалық құралдар табылған.

Ұсталған азаматтың іс-әрекеті ҚР Қылмыстық Кодексі 143-бабы, 3-тармағына (ақпаратты жасырын алу үшін заңсыз арнайы техникалық құралдарды алу, сату, өндіру, дайындау) сәйкес қылмысқа жатады. Бүгінде аталмыш дерек бойынша тергеуалды тексеріс жүргізілуде.