Астана әуежайында бірнеше рейс кешігіп жатыр

 Астанадағы "Нұрсұлтан Назарбаев" халықаралық әуежайында 15 әуе рейсі кешігіп жатыр, тағы төртеуі тоқтатылды, деп хабарлайды Sputnik.   

Астана уақытымен сағат 09.10-дағы елорда әуежайының онлайн-таблосына сәйкес, Qazaq Air және Air Astana-ның 15 әуе рейсі кешіккен. Олардың көбісі Алматы бағытына ұшуы тиіс болған, сондай-ақ кешіккен рейстердің арасында Шымкент, Жезқазған және Орал ішкі рейстері де бар.  

Air Astana әуе компаниясының Алматыдан KC 641 және KC 995, сондай-ақ  Астана — Алматы бағдарында  KC 632 және KC 996 рейстері тоқтатылды.    


"112" құтқару қызметі бірыңғай нөмірінің ақпараты бойынша,  Астанада 9-11 желтоқсанда көктайғақ, бұрқасын болып, желдің екпіні секундына 20 метрге дейін күшейеді.