Астана әуежайында өзін-өзі тіркеу дүңгіршектері орнатылады


Вице-президенттің айтуынша, барлық ірі әуежайлар өзін-өзі тіркеу дүңгіршектерін орнатуға қызығушылық танытқан, себебі, бұл Алматы мен Астана жолаушыларына рейстерге өз бетінше тіркелуге, ұшақта орын таңдауға және отыру талонын басып шығаруға мүмкіндік береді.

Астана қаласының халықаралық әуежайы маусымдық кестені әзірлеу барысында SITA-ның операциялық қызметті жоспарлаудағы тәсілдерін қолдана бастады, бұл әуежайда жаңа буын технологияларын орнатудың алғашқы қадамы болып табылады, деп хабарланған елорда әкімдігінің ресми сайтында.