Астана әуежайында ресми такси жұмысын бастады

Атап айтқанда, "Airport Management Group" атқарушы компаниясының қолдауымен Астана халықаралық әуежайы  жолаушыларды ресми тасымалдаушы таксиді таңдау бастамасын көтерген еді.

Астана қаласы әуежайында ресми тасымалдаушы жинаған ұпай сандары нәтижесінде белгілі болды. Талап бойынша тасымалдаушы  ҚР автокөліктер саласындағы заңнамалардың шарттарына сәйкес келді.

Осы орайда 2015 жылдың 16 сәуірінде Астана халықаралық әуежайы ресми тасымалдаушы компаниясымен келісім-шарт бекітіп, 1 мамырдан бастап келіп-кеткен жолаушыларды ресми таксомотор компаниясы тасымалдауда. Жолақысы бекітілген тариф бойынша төленеді: таңғы сағат 07-ден түнгі 22:00-ге дейін 1 шақырым бағасы 90 теңге,  түнгі 22:00-ден таңғы 07:00-ға дейін - 100 теңге.

Естеріңізге сала кетейік, биылғы ақпанда  Инвестициялар және даму министрлігі астаналық әуежайдағы заңсыз қызмет көрсетіп жүрген такси жүргізушілерінің жұмысын тоқтату жоспарын  әзірлегендігі хабарланған болатын.