Астана әуежайында жалған құжатпен жүрген ауған азаматы құрықталды

ҰҚК Шекара қызметінің хабарлауынша, оны «Астана» шекаралық бақылау жасағының қызметкерлері ұстаған.

«1994 жылы туған даниялықтың атына жазылған жалған құжат халықаралық КС152 «Бішкек-Астана» әуе рейсін рәсімдеу барысында анықталды», - делінген хабарламада.

Кәмелетке толмаған жолаушы Қазақстан арқылы транзитпен ұшпақ болған.


«Өзінің айтуынша, Кабулдан Бішкекке, одан Астанаға келген ол әрі қарай Лондонға, Ганноверге ұшып кетпек болған», - делінген хабарламада.

Тексеру жүріп жатыр.