Бұл құтқарушылардың оқу-жаттығуы болатын. Сценарий бойынша, экипаж апатқа байланысты Астана әуежайына аялдауға шешім қабылдапты. Әуе кемесі жерге сәтті қонғанымен, сәлден соң ұшақтан өрт шыққан. Адамдар дереу құтқарылып, 4 көлікпен жеткен өрт сөндірушілер отты дер кезінде ауыздықтап үлгерді. Сөйтіп, Астана әуежайы құтқару қызметімен бірлесіп оқыс оқиға кезінде қалай қимылдау керектігін пысықтап алды. Олардың бұлай қамданауы бекер емес. Себебі, екі апта бұрын Ақтауда «Скат» «компаниясына тиесілі ұшақ қонған бетте отқа оранып жолаушылар бір ажалдан аман қалған еді.
Loading...