Астана әуежайындағы жағдай мекеме мамандарын аяғынан тік тұрғызды


Шетелден сапарлап келген жолаушылардың бірінен Эбола қызбасы анықталып, жауапты мекеме мамандарын аяғынан тік тұрғызды. Әлемді алаңдатқан жұқпалы кеселге қарсы елордалық эпидимиологтардың оқу-жаттығу жиыны осылай басталды. Оқиға желісі бойынша күмән тудырған әуе көлігі мен жолаушыларды санитарлық-карантин көліктері күтіп тұрды. Мамандар дер кезінде кеселге шалдыққан азаматты оқшаулап, ұшақ іші мен азаматтар жүгін химиялық ерітіндімен тазартты. Өзге жолаушылар да тиісті тексеруден өткізілді.