Астана әуежайының сайтына хакерлер шабуылдады


Бұл жөнінде Талдау және кибершабуылдарды тергеу орталығы хабарлады, деп жазды BAQ.kz.

«WebTotem Нұрсұлтан Назарбаев атындағы Астана әуежайы «бұзылғанын» анықтады», - деп жазылған хабарламада.

Қазіргі уақытта әуежайдың интернет-ресурсы жұмыс жасап тұр.

Бұған дейін ТКШТО Қазақстанның бірнеше белді университеттерінің сайтына да хакерлер шабуыл жасағанын мәлімдеген болатын. Өздерін KazHackMe деп атайтын белгісіз хакерлер тобы ҚарМУ мен Қазақстан инженерлік-техникалық институттарының сайтын бұзған.