Қазақстаннан Таяу Шығыс елдеріне ұшатын рейстердің 3 наурызға дейін уақытша тоқтатылғаны белгілі болған.Бүгін 2 наурызда Астана әуежайы аумағында қауіпсіздік жүйелеріне жоспарлы техникалық тексеру жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. Тексеру барысында дабыл жүйесі қысқа уақытқа іске қосылуы мүмкін. Бұл шара жолаушылар мен әуежай жұмыскерлеріне қауіп төндірмейді. Тексеру басталар алдында жолаушылар мен қызметкерлерге дыбыстық хабарландыру арқылы алдын ала ақпарат беріледі. Барлық жұмыстар жоспарға сәйкес, штаттық режимде және жауапты қызметтердің бақылауымен жүзеге асырылады, - деп хабарлады Астана халықаралық әуежайының баспасөз қызметі.